Жерасты суларын өндiру

Жерасты ауыз суларын өндіру Сауысқан және Түйесу су кенорындарынан Жаңаөзен қаласы, Сенек. Құланды, Қызылсай, Үштаған, Бостан қоныс елді мекендерін және өндірістік аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Түйесу ауыз су кенорны 1964-66 жылдары зерттелген, негізгі мақсат мұнай өндіріс салаларын және оның жұмыскер елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету болып есептелді. Осы кенорыны 1967 жылдан бастап эксплуатацияға берілген. 1999 жылы Түйесу кенорнының пайдалы көлемін қайта зерттеу арқылы эксплуатациялық қоры анықталды – су алу қуаты күніне 7000-7500 метр куб. Түйесу кенорнындағы насос стансасынан Жаңаөзен қаласына дейін жүргізілген магистралдық су құбырының ұзындығы 46 шақырым. Жалпы су қоры 27 скважинадан тұрады, соның қазіргі кезде 23 скважина жұмыс жасап тұр.

Сауысқан ауыз су кенорны 1964-65 жылдары зерттелген. Осы кенорыны 1965 жылдан бастап қолдануға берілген. 1999 жылы жерасты суларының қорын қайта есептеу жүргізілді. Су алу қуаты күніне 3000-3500 метр куб. Сауысұан кенорнындағы насос стансасынан Жаңаөзен қаласына дейін жүргізілген магистралдық су құбырының ұзындығы 56,498 шақырым. Жалпы су қоры 24 скважинадан тұрады, соның қазіргі кезде 22 скважина жұмыс жасап тұр. 

Сенім телефоны
+7 (72934) 69-312

Басшы блогы

Сайт қолданушы назарына,
Сайтта басшының блогы ашылды. Мұнда сiз сайт пайдаланушыларының сұрақтарымен танысу, немесе, өз сұрақтарыңызды беруiңiз мүмкiн.

Блогқа өту »»»

Кәсіпорынның ішкі ақпараттық порталы

cportal.udtv.kz